Дұйсенбi , 18 Желтоқсан 2017 г. 11:12

Ауданымыздың Маралды, Үшбұлақ орта мектептерінде «Ризашылық – балалардың игілігі үшін!» атты жетім және ата-анасының қамқорлығынсызқалған балаларға арналған қайырымдылық мерекесі өткізілді. Ауданымыздағы патронаттық тәрбиедегі 31 балаға, Серебрянск қаласындағы «Психикалық дамуы тежелген жетім балаларға арналған орталау түзеу мектеп –интернатының» 6 баласына бекітілген  патронаттық мекемелер демеушілік жасап, сыйлықтар табыс етті. Қонақтарға көңілді мерекелік концерт көрсетіліп,  мерекелік дастархан ұйымдастырылды.

Үлкен қайырымдылық іс «Ризашылық» мерекесінде  балаларға 950 мыңның көмегі көрсетіліп, отбасылық мереке сыйланды.

Келген қонақтар ризашылықтарын білдіріп, мейірімділік көңіл күймен тарқады.