Дұйсенбi , 18 Желтоқсан 2017 г. 11:14

XVIоблыстық  мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартикиада

Ағымдағы жылдың қараша айының 10-нан бастап Шығыс Қазақстан облысы  мемлекеттік қызметшілерінің XVI облыстық спартикиадасы  басталды. Спартакиада волейбол, үстел теннисі, суға жүзу,  бильярд, шахмат, футзал және  шаңғы спортынан  әр  ауданнан  мемлекеттік қызметшілер арасында сынға түсуде.

Ауданның спортшылары спартакиада да өткізілетін барлық жарыс түрлеріне қатысуда.

 Қараша айының 10-12 күндері  аудан әкімі С.Чукаев  бастаған волейбол құрама командасы 14 аудан ішінен  командалық 1 орынды  иеленді.  Осы күндері үстел теннисінен өткен жарыста біздің спортшылар  командалық 2 орынды иеленді.

Қараша айының 24-26 күндері  шахмат, бильярд және футзалдан  өткен жарыстар қорытындысы бойынша  шахматтан 4 орын,  бильярд пен футзалдан    біздің спортшыларымыз  командалық 1 орынға ие болды.

Әзірге біздің аудан  спорттың  осы 5  түрі бойынша  14 ауданның ішінде  1 орында   тұр.  Ендігі қалған  шаңғы және суға жүзетін  қыз-жігіттеріміз жеңісті  жолды жалғастырар деген үміттеміз.