Дұйсенбi , 18 Желтоқсан 2017 г. 11:14

Тұңғыш Президент күні аталып өтті  

2017 жылдың желтоқсан айының  1 жұлдызы күні Күршім ауылының Орталық алаңында «Тұңғыш Президент  күні» мерекесіне арналған халықтық мереке өтті. Салтанатты митингте аудан Күршім ауданының әкімі С.Чукаев,   еңбек ардагері Н.Қалитова,  Күршім аудандық маслихатының хатшысы М.Сағанақов, Ю.А.Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі О.Якушева,  Ю.А.Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебінің 10 сынып оқушысы, «Жас Отан» жастар қанатының белсенді мүшесі К. Оразбекова  аудан    тұрғындарын мерекелерімен құттықтады.   Мереке  барысында мерекелік концерт, спорттық ойындар ұйымдастырылды.

Аталған мереке барлық ауылдық округтерде ұйымдастырылып, өткізілді.