Дұйсенбi , 18 Желтоқсан 2017 г. 11:11

«Халқының  бағына туған ұлы тұлға»

30- қараша күні Күршім аудандық кітапханасының ОНЛАЙН орталығында «Халқының  бағына туған ұлы тұлға» атты тақырыптық кеш өтті. Мәдени  шараға №4 орта мектебінің 8 сынып оқушылары, №3 Күршім мектеп – гимназиясының 7-сынып оқушылры шақырылды.

Кітапханашылар Г.Жаменкенова,  Ж.Қабаевалар келген оқырмандарға  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны мен еңбек жолы туралы, Егемендік  алғанан кейінгі көптеген Қазақстан Республикасының жетістікері  туралы мағлұматтар  берілді. Мәдени шара барысында «Слайд шоу», «Н.Ә.Назарбаевтың  балалық шағынан естелік», «16- желтоқсан», «Семипалатинский полигон» атты бейнероликтер, слайд  «1- жетоқсан  Тұнғыш Президент күні» көрсетілді. Кітапханашы Г.Жаменкенова  «Әлемдік тұлға» атты  кітаптарға шолу өткізді. Кеш аяғында сөз алған Күршім ауданының кітапхана меңгерушісі Г.Смаилова келген оқырмандарды  Тұнғыш Президент күнімен құттықтап, зор денсаулық, оқуда алда болуларына тілек білдірді.