Дұйсенбi , 18 Желтоқсан 2017 г. 11:12

Айтулы мереке

Қазақстан Республикасының «Тұңғыш Президенті күні»   құрметіне  орай 1 желтоқсан күні аудан орталығында, мерекелік концерттен кейін орталық алаңда – арқан тартудан, қол күресінен, гір көтеруден спорттық жарыстар ұйымдастырылды.

Аудандық мәдениет үйінде шахматтан өткен жарыста- Зарықан Қаратаев чемпион атанды.

Аудандық жастар орталығы ғимаратында бильярдттан өткен аудандық жарыста – Ержан Катияшев қарсыластарына дес бермеді.

Осы мереке құрметіне  орай аудан орталығы мектептері оқушылары арасында өткен көңілді старт ойындарында - № 3 мектеп гимназиясының командасы  1 орынды иеленді.

Барақ Батыр атындағы спорт кешенінде жасөпірімдер арасында Футзалдан өткен жарыста - №4 мектептің  командасы өздерінің мықтылығын дәлелдеді. Сонымен қатар үстел теннисінен өткен жекелей біріншілікте- Ниязбек Алханов  топ жарды.

2 желтоқсан күні Барақ Батыр спорт кешенінде аудан әкімі жүлдесі үшін баскетболдан өткен жарыс  қорытындысы бойынша 1 орынды -№ 1 мектептің түлектері командасы иеленді.

Айтулы мереке құрметіне  өткен спорттық жарыстарда жүлделі орын алған спортшылар мен командалар  аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мадақтама грамотоларымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.