Дұйсенбi , 18 Желтоқсан 2017 г. 11:13

Волейбол жарысы

Марқакөл ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай №1 Марқакөл орта мектебінің спорт залында волейболдан  жарыс өтті.  Жарысқа барлығы 9 команда қатысты. Олар: «№1 Марқакөл орта мектебі»,  «№2 Марқакөл орта мектебі», «Күршім колледжі», «Ауыл жастары»,  «Әскери бөлім 2535», « Өрт сөндіру бөлімі», «Полиция бөлімі», «Әкімшілік», «Қарой».  Жарыстың ашылу салтанатында  сөз сөйлеушілер  Тұңғыш Президент мерекесімен құттықтап, сәттілік тіледі. Қызу тартысты өткен жарыстың нәтижесінде Күршім колледжі командасы 1-орынды иеленді.  Өрт сөндіру бөлімі 2-орын алса, Ауыл жастары 3-орынға табан тіреді. Жастардың спортқа деген қызығушылығын арту мақсатында «Үздік шабуылшы» атағына  Жумажанов Әділ, «Үздік қорғаушы» атағына Абитханов Еркебұлан, «Үздік байланыстырушы» атағына Сейітсаданов Әли ие болды. Жүлделі орынға ие болған командалар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің сыйлықтарымен марапатталды.