Дұйсенбi , 18 Желтоқсан 2017 г. 11:12

Менің Тұңғыш Президентім

Құйған ауылдық округінде де Тұңғыш Президент күніне орай көптеген игі іс-шаралар өткізілді.

Кітапханашы К.Тащанова «Елбасы-елімнің тірегі» атты көрме ұйымдастырып, оқушылар арасында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ролі» атты дөңгелек үстел өтті. Елбасының өмірі, балалық шағы, қызметі жайлы әңгімеленді.

1 желтоқсан күні  салтанатты түрде «Менің Тұңғыш Президентім» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік құттықтау сөзді Құйған ауылдық округінің әкімі М.А. Кусаинов бастап, әлемге танылған ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың кемеңгер көшбасшылығы арқасында жетен жетістіктерімізді атап, оны баянды ете отырып, елімізді одан әрі қарыштай дами түсу жолында барша халқын лайықты үлестерін қосуға шақыра сөйледі. Артынан осы ауылдық округте қоғамдық жұмыстарға белсене қатысатын ардагер апаларымызбен Құйған орта мектебі мен Қайынды орта мектебінің ұжымдары мақтау грамоталарымен марапатталды.

Келесі сөз кезегі Құйған орта мектебінің директоры А.С. Қосантаевқа берілді, ал Б.С. Тұңғышпаев ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2030 стратегиясы бойынша баяндама жасады.

Төменгі сынып оқушылары «Жас ұлан » ұйымына қабылданды, шара  соңы  мерекелік концертке ұласты. Тұңғыш Президент күніне арналған мереке есте қаларлықтай жоғарғы деңгейде өтті.