Сәрсенбі, 24 Қаңтар 2018 г. 15:40

Мекемелер арасындағы волейбол турнирі

2017 жылдың 9 желтоқсаны күні Күршім ауылында  «Тәуелсіздік күні» мерекесі  құрметіне  аудан мекемелері арасында  волейболдан  жарыс өтті.  Жарысқа ауданымыздың: №3  Күршім гимназиясы, №1, №4 Күршім орта мектептері,  орталық аурухана, Қалғұты, Құйған,  ішкі істер бөлімі  командалары қатысты.  Жарыстың салтанатты ашылу  рәсімінде  аудан  әкімі С.Чукаев келген спортшыларға  құттықтау сөз  айтып, сәттілік тіледі.

Тартысқы толы жарыста: 3 орынды Қалғұты ауылдық округі, 2 орынды Құйған ауылдық округі, 1 орынды №4 Күршім орта мектебінің командасы иеленді.

«Үздік шабуылшы» болып –Қалғұты ауылдық округі командасының ойыншысы Досжан Қызыров,  «Үздік бағыттаушы» болып Күршім №4 орта мектебінің командасының ойыншысы  Дархан Ахметов,  «Үздік қорғаушы» болып- Құйған ауылдық округінен  Асем Иманбаева танылды.

Осы жарыста өзінің ерекше ойынымен көрермендер  көзайымына айналған Құйған ауылдық округінің ойыншысы  Жанар Қайдарованы атап өтуге болады.

Жарыс жеңімпаздары мадақтама грамоталарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.