Сейсенбi, 16 Қазан 2018 г. 10:46

Қамқорлық көрсетті

 «Күршім ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  ұйымдастыруымен ауданымыздың Маралды, Үшбұлақ орта мектептерінде 2017 жылдың 6 қарашасында «Ризашылық балалардың игілігі үшін! атты жетім және ата- анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған қайырымдылық мерекесі өткізілді.  Бұл қайырымдылық мерекесіне бөлім атынан «Күршім мал дәрігері» Маралды ветеринариялық пунктінің меңгерушісі К. Абильмажинов қатысып, «Күршім ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне   бекітіліп берілген патронаттық бала Ярослав Паповқа   аяқ киімімен күртешені бөлімнің атынан сыйға тартты. Барлық қатысқан қонақтар ришалықтарын білдіріп, мейірімділік көңіл күйде болды.