Сәрсенбі, 24 Қаңтар 2018 г. 15:40

Мерекелік концерт

Еліміздің Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай Сарыөлең ауылдық мәдениет үйінде «Мен өз елімнің патриотымын» атты Барақ батыр негізгі орта мектебі ұжымының концерті болып өтті. Көрермендерді патриоттық сезімге бөлеген әндер зор қошеметке ие болды. Ауылдық округ әкімі өнерпаздарға алғыс айтып, мерекемен құттықтады.