Сейсенбi, 16 Қазан 2018 г. 10:47

Жаңа жылдық кеш

2018 жылдың 26 желтоқсаны күні сағат 10.00-де Күршім ауданы әкімінің қолдауымен, аумақтық әлеуметтік көмек көрсету орталығы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Күршім ауданының «Жастар ресуртық орталығында» мүмкіншілігі шектеулі балалар мен 18 жастан асқан психоневралогиялық патологиясы бар азаматтарға арналған  аудан әкімінің Жаңа жылдық шыршасы атап өтілді.

Қызмет алушылар, қонақтар Аяз Ата мен Ақшақарды ерекше ықыласпен қарсы алды. Аудан әкімі мерекеге қатысушылардың барлығын Жаңа жылмен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Бұдан соң барлығы бір-бірінің қолдарын ұстап, шыршаны айналып ән салды, әуен ырғағымен биледі. Олар шыршаны айнала ән айтып, би билеп, Аяз ата мен Ақ­шақар­ға өз өнерлерін көрсетті. Жаңа жылдық қойылымдарды қойды. Ауданымыздың әкімі С.Чукаевке, жалпы әлеуметтік саланың басшыларына, қызметкерлеріне ата-аналар өздерінің шексіз ризашылығын білдіріп, осындай игі істер алдағы уақытта жалғастыра беруді айтты. Кеш соңында балаларға аудан әкімі және 2535 әскери бөлімі ұжымының атынан жаңа жылдық сыйлықтар таратылды. Соңында қуаныштан жүздері бал-бұл жанған балалар Аяз Атамен қимастықпен қоштасты.