Сәрсенбі, 24 Қаңтар 2018 г. 15:40

Мерекелік көңіл - күй сыйлау – берекенің белгісі

Күршім ауылында орналасқан №2535 әскери бөлімінің командирі полковник О.Батырғалиевтің қолдауымен аталмыш бөлімнің тәрбие және идеология жөніндегі орынбасары майор Қ. Данғұлбековтің бастауынмен қатардағы жауынгерлер Күршім ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен мерекелік жаңажылдық мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін аз қамтылған көп балалы отбасыларын аралап, сый-сияпаттар жасады.
Арнайы мерекелік костюмдер киген жауынгерлердің шағын қойылымдары балаларды дән риза етті. Мұндай жақсы бастамаға ата-аналар ризашылықтарын білдірді.