Сейсенбi, 24 Сәуір 2018 г. 03:17

Күршім ауданында V дәстүрлі «Жас маман – 2017» жастар форумы жоғары деңгейде өтті

2017 жылдың 23 желтоқсаны күні Күршім ауданының Мәдениет үйінде жылды қорытындылау аясында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшылығымен V дәстүрлі «Жас маман – 2017» жастар Форумы өткізілді. Форумға аудан әкімі С. Чукаев, аудандық мәслихат хатшысы М.Сағанақов, «Нұр Отан» партиясы Күршім аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Нұрымова, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Б.Кәдірұлы, мекеме, бөлім басшылары, аудандық жастар мәслихатының депутаттары, қоғамдық ұйым және БАҚ өкілдері қатысты. 

Форумның негізгі мақсаты – аудан жастарының белсенділігін арттырып, жастар саясаты мен азаматтық қоғам қалыптастыруда өзіндік үлесін қосқан, әр салада қызмет ететін белсенді, өз ісіне жауапты мамандарды айқындап, өскелең ұрпаққа дәріптеу.

«Жас маман – 2017» атты аудандық жастар форумы 7 негізгі номинациялар бойынша тапсырылды. Негізгі номинациялар: «Үздік жас мұғалім-2017», «Үздік жас медицина қызметкері-2017», «Үздік жас кәсіпкер-2017», «Үздік жас спортшы-2017», «Үздік жас әскери қызметкер-2017», «Үздік жас көшбасшы-2017», «Үздік жас отбасы-2017». 

Форум барысында «Күршім ауданы әкімдігінің Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Ш.Дабырбаеваның ауданда мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы туралы ақпараты бейнеролик арқылы көрсетілді. 
Аудан әкімі С.Чукаев жастарды келе жатқан мерекелерімен құттықтап, үздік жастарды марапаттады. 

«Үздік жас мұғалім – 2017» номинациясы – Ш.Уалиханов атындағы Сарыөлең орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Д.Есенгелді, «Үздік жас медицина қызметкері – 2017» номинациясы – Күршім аудандық орталық аурухананың дәрігер акушер-гинекологы З.Мырзахметова, «Үздік жас кәсіпкер – 2017» номинациясы – «Шығыс - ЖК» ауылшаруашылық кооперативінің басшысы Е.Баймұхамбетов, «Үздік жас спортшы-2017» номинациясы – Ю.А.Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебінің 11 сынып оқушысы Б.Мырзахмет, «Үздік жас әскери қызметкер – 2017» номинациясы – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің №2535 әскери бөлімінің азық-түлік, жем-шөп қызметінің офицері, лейтенант Н.Орынбеков, «Үздік жас көшбасшы -2017» номинациясы - Күршім №5 орта мектебінің 11 сынып оқушысы А.Қасымова, «Үздік жас отбасы-2017» номинациясы - Маралды ауылдық округінен Дюсуповтар отбасы үздік деп танылып, диплом және сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, жастар мәслихатының депутаты А.Қабаева, аудандық мәслихат депутаты Н.Құдабаева, Күршім ауданының тумасы Б.Кәдірұлы жиналған жастарға жылы лебіздерін білдірді. Форум жалынды жастардың өнерлерімен ұштасып, жоғары деңгейде ұйымдастырылды.