Сейсенбi, 17 Шілде 2018 г. 15:36

«Жыл үздіктері» марапатталды

2017 жылдың 29 желтоқсаны күні  аудандық Мәдениет үйінде  аудан әкімі  әр сала бойынша «Үздік» деп танылған мамандарды марапаттау кеші өткізілді. Кешке аудан көлеміндегі  кәсіпкерлер, депутатар, қоғамдық ұйым басшылары, құқық қорғау органдары, мекеме, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты. Аудан әкімі жыл көлеміндегі үздік номинация иелерін құттықтап, марапаттады. Олар: «Жыл адамы»,  «Үздік дәрігері», «Үздік  мәдениет қызметкері», «Үздік шаруа қожалығы», «Үздік мұғалім», «Үздік кәсіпкері», «Үздік меценаты»,  «Үздік ауылшаруашылығы қызметкері»,  «Үздік әлеуметтік қызметкері», «Үздік спортшысы», «Үздік құқық қорғау қызметкері», «Үздік мемлекеттік қызметшісі», «Үздік энергетик», «Үздік жол, коммуналдық шаруашылық жұмысшысы»,  «Үздік байланыс  қызметкері», «Үздік  шекарашы», «Үздік  құрылысшы», «Үздік қаржыгер»,  «Менің жобам туған өлкеме», «Жүректен жүрекке» номинациясы. Көңілді әуен аясында Жаңа жылға қонаққа келген Аяз ата мен Ақшақардың тәттілерінен дәм татып, көтеріңкі көңіл күймен келе жатқан жаңа жылды қарсы алды. Кештің ажарын аудандық Мәдениет үйі әртістері ашты.  Кеш көңілді қызықты өтті.