Сейсенбi, 24 Сәуір 2018 г. 03:18

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы туралы

2018 жылдың 5-6 қаңтар аралығында Өскемен қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Олимпиадаға Күршім ауданынан барлығы 35 оқушы қатысып, барлық оқушылар жүлделі орындарға ие болды. 3 оқушы І орынмен, 21 оқушы ІІ орынмен, 11 оқушы ІІІ орындармен марапатталды. Күршім ауданының командасы Шығыс Қазақстан облысының қала және аудан мектептерінің  арасында І орынға иленіп, «Үздік олимпиадалық команда- 2018» кубогымен марапатталды. Оқушыларымызға табыс тілейміз!