Сәрсенбі, 22 Тамыз 2018 г. 11:38

Танымдық сабақ өтті

2018 жылдың 5 ақпаны күні Күршім аудандық кітапханада  № 1 Күршім  орта мектебінің  6 сынып оқушыларымен   «Дружные ребята" атты   танымдық сабақ  өткізілді. Кітапханашы Г.Жаменкенова  келген оқушыларды «Дружные ребята» газетінің тарихымен кеңінен таныстырып өтті. Газет беттеріне шыққан қызықты мақалаларға шолу өткізілді. Мысалы: «Дружные ребята» Аталмыш газеттегі  2014 жылдың №29 санында жарияланған С.Ақашеваның «Храм полосатых» атты  мақаласы балаларды өте қатты қызықтырды. «Автомобиль ...Когда и как появился»,  «Эта загадочная, уникальная, древняя и супер современная Япония» атты  мақалаларды  оқи отырып балалар мақаладаға ең қызықты сәттерімен ауызша бөлісті

Танымдық сабақ барысында балаларға «Храм полосатых», «История первого автомобиля», «Висячий мост» атты бейне роликтер және «85 -лет газете «Дружные ребята» атты слайд  көрсетілді.