Сәрсенбі, 22 Тамыз 2018 г. 11:38

Ауғанның асуында от кешкендер

2018 жылдың 6 ақпан күні Марқакөл ауылдық кітапханасында «Ауғанның асуында от кешкендер» атты тарих керуені ұйымдастырылып өткізілді.

Бүгінгі күні  арамызда  осынау алапат ойранға  қатысып келген  жерлестеріміз де  аз емес. Солардың бірі, шарамыздың құрметті қонағы —жауынгер – интернационалист Сахаманов Қанат Әбетайұлы  жас жеткіншектерге көзімен көрген оқиғаларды оқырмандардың берген сұрақтары бойынша әсерлі баяндап берді.

Әбдешева Балнұр, Мұратхан Айбар, №2 Марқакөл орта мектебінің 8 сынып оқушылары Щербакова Анель, Құсайынова Үміт,  Дауенова Дильназ мағыналы сұрақтар қойып, белсенділік танытты. Шара барысында проекторлық экран арқылы Ауған соғысы жайлы бейнероликтар көрсетілді.

Аталмыш шара соңында тарих керуенін ұйымдастырған кітапхана қызметкерлері  интернационалист- жауынгер Сахаманов Қанат Әбетайұлына ескерткіш сыйлық табыстап, оқырмандармен суретке түсті.