Сәрсенбі, 21 Қараша 2018 г. 18:57

«Шығысым - шырайлы елім»

2018 жылдың 7 ақпан күні  Күршім аудандық  кітапхананада  Құйған орта мектебінің  5-6-7 сынып  оқушыларымен  рухани  жаңғыру  аясында  кітапханашы Г.Жаменкенова кітапханаға топ серуен жүргізіп және «Шығысым - шырайлы елім» атты тақырыбына шолу өткізді. Кітапханадағы барлық көрмелермен  таныстырылды. «Түлеген өңір тынысы» атты көрмеде топтастырылған жергілікті ақын жазушылардың кітаптары аса қызығушылық танытты. Шолуда балалар «Құпиялы феномен», «Шығыс жұлдыздары», «Алтай», «Ғажайып шығыс Қазақстан», «Шығыс Қазақстан Облысы» атты кітаптармен таныстырылды.