Жексенбi, 20 Мамыр 2018 г. 19:45

«Туған жерім – тұғырым» атты ауданның 90 жылдығына орай танымдық сабақ

Күршім ауданының 90 жылдығына орай аудандық кітапханада «Туған жерім – тұғырым» атты танымдық сабақ өтті. Шараны өткізудегі мақсатымыз қазіргі жас ұрпақтың өз елінің, жерінің, өзі өсіп- өнген ауылының тарихын білуге міндетті. Мәдени шараға №5 Күршім орта мектебінің 5-6 сынып оқушылары, ұстаздарымен қатысты. Күршім ауданының шығу тарихы, ауданымыздың құрылғаны, табиғаты, Күршім-Марқа өңірінен шыққан ғалым, мәдениет, өнер саласының небір майталмандары, жерінің атын шығарып, даңқын асырған ұл-қыздарымыз туралы кітапханашы Ж.Қабаева мағлұматтар беріп өтті. Кеш барысында «Күршім-Марқа» атты слайд көрсетілді.