Жексенбi, 20 Мамыр 2018 г. 19:45

Дәстүрлі волейбол турнирі

2018 жылдың 10 ақпаны күні Күршім ауылында Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен  шығарылғанына 29 жыл құрметіне арналған мекемелер  арасындағы волейболдан аудандық жарыс өтті. Жарыстың салтанатты ашылуы рәсімінде аудан әкімінің орынбасары М.Қалелов және ауған соғысының ардагері, ұстаз Қ.Қизатаев келген спортшыларға құттықтау сөз айтып сәттілік тіледі. Жарысқа – Алғабас, Қалғұты, Марқакөл, Қайыңды ауылдарының және №4 орта мектептің, БЖСМ-ің командалары қатысты.  3 орынды – Марқакөл, 2 орынды - №4 орта мектеп, 1 орынды – Алғабас командалары иеленді.

 Жарыстың «Үздік шабуылшысы»  болып Алғабас ауылының командасынан – Дархан Мұратбек, «Үздік қорғаушы»  болып Марқакөлдік –Мәди Жанатов, «Үздік шабуылшы» болып Алғабас ауылының командасынан – Ерлан Болатов танылды. Жарыста жүлделі орын алған командалар мен спортшылар мадақтама грамоталарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жарыстың өту барысында әділ төрешілік еткен БЖСМ –ің ұжымына және №3 күршім гимназиясының ұжымына айтар алғысымыз зор.