Дұйсенбi , 19 Ақпан 2018 г. 05:37

Мұқағали    Мақатаевтың  туған  күніне  арналған «Есіне мені  алғайсың»атты  ән-жыр  кеші

9 ақпан күні Аудандық мәдениет үйінде  қазақ халқының маңдайына біткен біртуар  ақыны  М.Мақатаевтың туған күніне арналған  «Есіне мені  алғайсын» атты  ән-жыр  кеші өтті. Кеш барысында Күршім ауылдық балалар  бақшасының  тәрбиешілерінің орындауында «Арулар» әні,  әнші Б.Масалиев пен И.Бақытқанқызының  «Күрең  күз», әнші Ә.Серикованың «Өмір сүрейік  алмасып»  атты әндері көрерменнің көңілінен шықты. Сонымен қатар ақынның сөзіне  жазылған  «Арыз жазып кетейін», «Таудағы  көктем», «Ана  сен бақыттысың»,  «Шашыңнан иіскейін», «Фариза қыз» әндері шырқалды. Кеште ақынның бірнеше өлеңдерін  мектеп гимназия оқушылары нақышына келтіре  орындады. Кеш соңында барлық орындаушылар ақынның сөзіне жазылған Е.Әбдіқалықованың «Есіңе мені алғайсың» әнімен аяқтады.