Жексенбi, 22 Қыркүйек 2019 г. 10:28

Болашақ журналистер қонаққа келді

«Мамандықтың бәрі жақсы» атты тәрбие сағатының аясында Өскемендегі дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының 10 «а» сынып оқушылары облыстық «Дидар» газетінің редакциясында қонақта болып, журналист кәсібінің қырсырымен танысты. Жақып, қоғамдық-саяси бөлімінің қызметкері Дәурен Аллаберген, руханият бөлімінің меңгерушісі Мейрамтай Иманғали мен экономика бөлімінің меңгерушісі Жанаргүл
Мұқатай, осы бөлімнің тілшісі Есімжан Нақтыбайұлы болашақ журналистерге ақыл-кеңестерін айтып, бағытбағдар берді. Сондай-ақ оқушылар облыстық газеттің бас редакторы Уәлихан Тоқпатаев пен «Шығыс-Ақпарат» холдингінің директорының орынбасары, айтыскер ақын Серік Құсанбаевтың да журналистика мамандығы жайында әңгімелерін тыңдап, біраз нәрсені көкейлеріне түйді. – Бір ғасырға жуық тарихы бар газеттің редакциясына келгенімізге өте қуаныштымыз. Осындай қара шаңыраққа бізді шақырып, өздеріңіздің жұмыстарыңызбен таныстырғандарыңызға рахмет! – деп ризашылығын білдірген 10 «а» сынып оқушысы Ғалымжан Мақпозұлы сөзін «Алтын сөз бейнесіндей иманым-ның, Қызыл сөз рухани құжат болсын. Жаңалықтың жаршысы – «Дидарымның», Ғұмыр жасы мәңгілік ұзақ болсын» деген өлең шумақтарымен түйіндеді.

Мейрам Екпін