Жексенбi, 22 Қыркүйек 2019 г. 10:26

Ғашық көпестің Петербор сәулетімен салдыртқан үйі

Елордамызда ғашықтық себепкерлігімен бой көтерген тарихи ғимарат бар. Ол – бүгінде Украинаның елшілігі қоныстанған Кенесары мен Бейбітшілік көшелерінің қиылысындағы ғимарат. Бұл ғимаратты 1910-1912 жылдары танымал көпес Василий Кубрин салдырған. «Ғимарат тарихы да өте қызықты. Василий Кубрин жұмыс бабымен бірде Петерборға барып, онда театрды тамашалайды. Сол кезде сұлу балеринаны көріп, оған естүссіз ғашық болады. Ол биші қызға тұрмысқа шығуға өтініш жасап,
өзімен бірге алып кетпек болады. Сол кезде қыз оған Петербордағыдай сәулетпен үй салып беретін болса ғана тұрмысқа шығуға келісімін беретіндігін айтып шарт қояды» дейді Украина елшілігінің баспасөз хатшысы Ирина Блащук. Ақмолаға оралған Василий Кубрин кідірместен үй салуға
кіріседі. Сұлу биші қызға деген оның махаббаты үйді тез салып бітіруге де ықпал етсе керек. Бір жылға толартолмас мерзімде петерборлық сұлудың қалаған сарайы дайын болады. Осыдан кейін Петерборға қайта барған Валерий уәдесін орындап келгендігін айтады. Жас жігіттің өзіне деген шынайы сезімін түсінген биші қыз келісімін беріп, тұрмысқа шығады. Өкінішке қарай, бұл үйде Василий Кубринге ұзақ тұруды тағдыр жазбайды. Сол кездегі бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы, Кеңес үкіметінің орнауы Кубриндер әулетінің мазасын қашырып, Ресейге кетулеріне тура келді. Қазан төңкерісінен соң, бұл үйде жұмысшылар клубы мен кітапхана орналасады. Кейіннен қаланы басқаратын атқарушы комитеттің үйі болады. Ал алпысыншы жылдары облыстық тарихи-өлкетану мұражайына мекен болды. 1998 жылы Алматыдан елшіліктер көшіп келген уақытта ғимарат Украинаның елшілігіне берілді.