Сейсенбi, 11 Желтоқсан 2018 г. 05:06

Алғыс айту парызым

Екі жыл бұрын Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының Жарлығымен бекітілген Алғыс айту күні қазіргі уақытта Қазақстандықтардың айтулы мерекелерінің біріне айналып отыр. Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келіп отырған  Алғыс айту күнін Қалғұты ауылдық округінің тұрғындары  өз деңгейінде  атап өтті. Қаратоғай ауылдық клубында «Алғысым шексіз» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Кештің жүргізушісі, Қаратоғай ауылдық клубының меңгерушісі жас маман Маржан Мұқанова өз өнерін ортаға салып, әуелете ән шырқап мың бұрала билеп ауыл тұрғындарын бір риза етсе, Қаратоғай ауылдық кітапханасында мекеме қызметкерлері және оқушылардың қатысуымен «Алғыс айту парызым» атты дөңгелек стол ұйымдастырылды. Кітапханашы Д.Құрманғалиева кеш қонақтарына өзінің жүрекжарды алғысын білдірді. Осындай игі іс Қаратоғай орта мектебінде жалғасын тапты. «Мың алғыс саған ұстазым» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, оқушылар зейнеткер ұстаздарын қонаққа шақырып, «Жаныңда жүр жақсы адам» атты мәнді де мағыналы кездесу өткізді. Абай атамыз өз өлеңінде «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп»өсиет қалдырған.  Данышпан атамыздың нақылынан нәр алған ұрпақтың бір жағадан бас,бір жеңнен қол шығаратын бірлігі адамдардың рухани үндестігінде жатыр деп ойлаймын. Елбасы Қазақстанды әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосу межесін алға қойды. Сол межеге жету үшін ұлтаралық татулық қажет.