Жексенбi, 23 Қыркүйек 2018 г. 17:19

Алғыс айту күнінде

Марқакөл ауылының тұмасы шаруа қожалығының басшысы Набиев Серік Чапайұлы 1 наурыз «Алғыс айту» күні мерекесіне орай Марқакөл ауылының ардагерлеріне өз алғысын білдіріп, ардагерлерге жұмсақ жиһазын сыйлады. Ауылдық округ әкімі А. А. Касентаева, Күршім аудандық  мәслихатының депутаттары Л. О. Кемешева мен Н. А. Садуовта өздерінің жылы лебіздерін білдіріп алғыстарын айтты. Марқакөл ауылдық округіндегі барлық мекемелердің қызметкерлері жалғызілікті қариялар мен мүгедек адамдарды және 18 жастан асқан психоневрологиялық паталогиясы бар азаматтар мен мүмкіншілігі шектеулі балаларға  барып өздерінің азын аулақ сыйлықтарын табыстап қайтты.