Сейсенбi, 11 Желтоқсан 2018 г. 04:59

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні аталып өтті

2018 жылдың 7 наурызы күні аудандық Мәдениет үйінде    Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған салтанатты жиын болып өтті. Жиын Мемлекеттік  Гимнді орындаудан басталды. Жиынға ауданның ауылдық округтерінен,  елді мекендерінен келген ақ жаулықты аналар,  көп балалы аналар, еңбек ардагерлері, қазіргі күнде еңбек етіп жүрген әйел азаматшалар  шақырылып,  аудан әкімі С.Чукаевтың  құттықтауы мен марапатына ие болды.  Жиын барысында Марқакөл ауылдық округінің әкімі Ә.Қасентаева  баяндама жасап,   Сарыөлең ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы, еңбек ардагері Ү.Қожабаева, аудандық орталық аурухананың хирург дәрігері З.Шапатов, аудандық ішкі істер  бөлімінің жергілікті полиция қызметінің басшысы Д.Аманбеков, №5 Күршім орта мектебінің жас маманы Ж.Шорманов  әйел азаматтарға жылы лебіздерін білдірді.  Жиын соңы  Мәдениет үйінің ер азаматтары ұсынған  мерекелік концерт,  аудан әкімінің қабылдауына ұласты.