Жексенбi, 23 Қыркүйек 2018 г. 17:19

Қол күрестен өткен жарыс

Күршім ауданы әкімдігінің аумақтық әлеуметтік көмек көрсету орталығы арқылы қызмет алатын мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында әртүрлі спорттық сайыстар өткізіліп тұрады.

Ауданның   мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт  бөлімінің  қолдауымен 2018 жылдың 6 наурызы күні мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында Барақ Батыр атындағы спорт кешенінде  18 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында қол күрестен спорттық жарыс өткізілді. Қызметалушылар спортта өз белсенділіктерін көрсетіп, орындар алып, мақтау қағаздары және ақшалай марапаттарлды. Олардың осындай сайыстарға қатысуы белсенділіктерін, өмірге деген құлшылықтарын, бір-бірімен қарым-қатынастарын жетілдіреді. Олардың спортқа деген қызығушылығын арттыруда.