Сенбі, 23 Маусым 2018 г. 02:33

Жеңіспен оралды

2018 жылдың 10 наурызында  Өскемен қаласында  Астана қаласының 20  жылдық  мерейтойы құрметіне арналған   екінші лига  командалары арасында  футзалдан  Шығыс Қазақстан облысының XI  біріншілігі  аяқталды.  Екінші лига  жеңімпазын анықтайтын  біріншілікке  облысымыздың  14 командасы  қатысты.  Біріншілік 2017 жылдың  қараша 2018  жылдың наурыз айлары аралығында өтті.  Аса тартысты өткен  біріншілік барысында  өзінің барлық  қарсыластарынын  басым түскен  Күршім ауданының   командасы бас жүлдені  және келесі  жылы бірінші  лигада өнер көрсету құқығын жеңіп алды.

Күршім ауданы  командасының  қақпашысы  Қуаныш Нұролданов  «Үздік қақпашы», ал Қайса Нәби  «Ең жас  ойыншы»  номинацияларын жеңіп алды.

Күршім ауданының барлық ойыншыларына  спорттық жетістіктеріне  жете берулеріне  тілектеспіз.