Жексенбi, 22 Қыркүйек 2019 г. 10:26

Т. Медетбектің «Тәуелсізбін» өлеңін талдау сабағы

Өтетін орны:

Күршім аудандық кітапханасы
Өтетін уақыты мен күні:   7 сәуір 2018 ж. сағ: 10.00
 

2018 жылы 7сәуірде  күні сағат 10.00-де Күршім ауданының дамуына белсене үлес қосып  жүрген азаматтармен Күршім аудандық кітапханасында Т. Медетбектің «Тәуелсізбін» өлеңі тақырыбында 7 -сынып оқушыларымен қазақ әдебиеті пәнінен кездесу сабағы өткізіледі.

Сабақты №5 Күршім орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Адмакина Данара Оралханқызы өткізеді. Жоспарға сәйкес сабаққа 20 оқушы қатысады.

 Сабақ барысында Күршім ауданының дамуына Белсене үлес қосып  жүрген азаматтарды таныстырып қарсы алады. Кіріспе бөлімінде мұғалім сабақтың тақырыбы мен күтілетін нәтижесіне тоқталып өтеді. Оқушылар топтық тапсырмалар негізінде Т. Медетбектің «Тәуелсізбін» өлеңін мәнерлеп оқиды, идеясы бойынша тапсырмалар орындайды. Аудандық кітапхана директоры Б.Смаилова «Жерлес қаһармандар» көрмесімен, кітапханашылар

Г. Жамекенова, Р. Кенжеханова жергілікті ақындардың шығармалары бойынша «Түлеген өңір тынысы», «Тәуелсіздік белестері» кітап көрмелерімен   таныстырады.

Сабақ Күршім өңіріндегі аудан өміріне белсене араласып жүрген тұлғалармен кездесу  арқылы жалғасады. Оқушылар келген қонақтарға әзірлеген сұрақтарын қойып, олармен сұхбаттасады. 7 сынып оқушысы Н.Назарбековтың орындауындағы «Туған жер» әні шырқалады.

Сабақ барысында оқушылардың отансүйгіштік, елжандылық қасиеттері артып,  жас ұрпақ туған жерін сүюге тәрбиеленеді.