Жексенбi, 22 Қыркүйек 2019 г. 10:25

Аудандық «Мектепке дейінгі үздік ұйым-2018» сырттай байқауы

Өтетін орны:

ШҚО, Күршім ауданы, Күршім ауылы
Өтетін уақыты мен күні:   10 сәуір 2018 ж. 

2018 жылдың 10- сәуірі күні «Мектепке дейінгі үздік ұйым-2018» аудандық сырттай байқауы өтеді. Сырттай байқауға Күршім ауылының балабақшасы, «Болашақ» балабақшасы, Теректі балабақшасының меңгерушілері қатысады.

Байқау мақсаты: Шығармашылықпен жұмыс істейтін, ғылыми –әдістемелік шеберлігі жоғары, мектепке дейінгі ұйымды анықтау; Міндеттері:

1.      Мектепке дейінгі ұйымның  мәртебесін арттыру; 

2.     шығармашылық ізденіске, креативті өздігінен белсенді жұмыс істеуге ынталандыру;

3.     тәрбие беру мен дамытудың тиімді технологияларын және әдістерін іздестіру; 

Сырттай байқау І кезеңнен ғана тұрады.  Осы кезеңде үміткерлер

1. «Мектепке дейінгі ұйымның  жұмыс жүйесі» презентациясын жібереді;

2. «Мектепке дейінгі үздік ұйымның» шығармашылық есебін жолдайды; ( фотокөрме, жаңартылған стандарт талаптарына сай оқытудың жаңа технологияларын ұтымды пайдалану жолдары, ұйымның  педагогикалық шеберлігін, шығармашылық іс-әрекетін көрсету);
Әділ-қазылар алқасы мектепке дейінгі ұйымның  жаңартылған стандарт талаптарына сай құжаттарын қарайды, өзекті тақырыптарын ашу жолдарын  саралайды.

Байқаудың нәтижесі бойынша әділ-қазылар жеңімпаздарды  1, 2, 3 орынмен марапаттайды.