Сейсенбi, 24 Сәуір 2018 г. 03:26

Танымдық сабақ өтті

2018 жылдың  7 сәуір күні Күршім   аудандық кітапханасында Т.Медетбековтің «Тәуелсізбін» шығармасына танымдық сабақ №5 орта мектебінің 7 сынып оқушыларымен өткізілді.

Іс шараны №5 Күршім орта мектебінің қазақ тілі әдебиет пәнінің мұғалімі Д.О.Адмакина ақынның өмір баянымен таныстырып «Тәуелсізбін» шығармасы туралы толық мағлұмат берді. Оқушылар  ақынның өлеңдерінен үзінділер оқып, тәуелсіздік тақырыбына байланысты сұрақтарға  жауаптарын бере білді.

Күршім аудандық кітапхана меңгерушісі  Г.А.Смаилова, кітапханашылар Г.А.Жаменкенова,  Р.М.Кенжехановалар «Жерлес қаһармандар», «Жерлес ақын жазушылар», «Тәуелсіздік белестер» атты шолулар өткізді.

Мәденет, тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт басшысы Б.Ф.Өлмесеков,  «Нұр Отан» партиясы Күршім аудандық  филиалы  төрағасының бірінші орынбасары Б. Нұрымова, Жастар ресурстық орталығының директоры Ш.Дабырбаева мәдени іс шараның маңызы зор екенін айта кеттіп, келген оқушыларға, тарихымызды жақсы біліп, әдебиетке деген қызығушылықтарын артып, болашақта Қазақстан Республикасының дамыуна өз үлестерін қосатындарына сенім білдірді.