Сейсенбi, 11 Желтоқсан 2018 г. 05:02

Дойбы ойыны жарысы

Күршім ауданы әкімдігінің аумақтық  әлеуметтік көмек көрсету орталығы арқылы қызмет алатын мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында әртүрлі спорттық сайыстар өткізіліп тұрады.

Ауданның мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және  спорт бөлімінің қолдауымен 2018 жылдың 6 сәуірі күні Қалжыр ауылындағы әкімшілік ғимаратында қарттар мен 18 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен азаматшалар арасында «Дойбы» ойынынан жарыс өткізілді. Жарыс өте тартысты, әрі көңілді болды. Әсіресе Ақсартова Кенжегул мен Садбекова Айзаттың ойыны ерекше болды. Орын  алғандар мақтау қағазымен марапатталып, сый-сыяпаттарын алды. Қызмет алушылар өзара бір-бірімен әзілдері жарасып, көңілдері көтеріліп ризашылықтарын білдіріп тарасты.