Сейсенбi, 24 Сәуір 2018 г. 03:26

Рухани жаңғырту

6 сәуір күні Марқакөл ауылдық округі ғимаратында әлеуметтік қызметкерлер өз қамағындағы мүмкіндігі шектеулі жандармен бірге Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» атты мақаласы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Жаңа дәуірдегі ұлттық рухани жаңғырту жолының алты бағдары туралы айтылып өтті.

Елбасымыз, біздің басты мақсатымыз- әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу болса, сол мақсатқа жету үшін біздің саналық ізімізден озып жүруді, яғни одан бұрын жаңғырып отыруды ниеттілігін айтқан.

Ағартушы педагог – ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей, «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы- тіл.»

Латын әліпбиіне көшу бастамасы Қазақстанның рухани болмысы мен қоғамдық ой-сананы өзгертіп, оны жаңғыртуға зор үлес қосады. Жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданылатыны мәлім. Әлемдік деңгейде қазақ жастарының биік белесте болуы үшін және әлем жастарымен тіл табыса алатын деңгейде болуы үшін латын графикасына ауысумыз өте маңызды болып табылады. Елбасымыздың латын әліпбиіне көшу саясатын бізде қолдаймыз. Рухани жаңғыру біздің келешегіміз үшін үлкен бастама.