Сейсенбi, 11 Желтоқсан 2018 г. 05:04

Жастар мәселесіне арналған партиялық тыңдау өткізілді

2018 жыл 11 сәуірі күні «Нұр Отан» партиясы Күршім аудандық филиалында партиялық тыңдау ұйымдастырылды. Аудан әкімінің орынбасары М.Калелов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Ақтекенов, партия топтарының жетекшілері, аудандық мәслихат депутаттары, жастар мәслихатының депутаттары, жастар ресурстық орталығының мамандары, жастар ісі бойынша әдіскерлердің қатысуымен өткен отырыста мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда ауданда атқарылып жатқан жұмыстар туралы  «Жас Отан» жастар қанатының  жетекшісі Ш.Дабырбаеваның,  аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Қ.Слямованың ақпараттары тыңдалып, ұсынымдар қабылданды.