Жексенбi, 23 Қыркүйек 2018 г. 17:18

«Оралханның көктемі»-атты концерт

11- сәуір күні  Аудандық  мәдениет үйінде   халқымыздың  ән  қазынасын  өзіндік үнімін,  әсерлі  бояуымен байытқан, артында  өшпес мұра  қалдырған саңылық  әнші- сазгер О.Көшеровтің әндерінен «Оралханның көктемі»-атты концерт ұйымдастырылды. Концерттің шымылдығын өнер мектебінің ұстазы  А.Баталова  марқұм сазгер А.Кудедаеваның «Жан аға» атты әнімен ашты. Шара барысында сазгердің  әндерін  ауданға танымал  өнер жұлдыздарымен қоса, әуесқой әншілер нақышына келтіре орындап, көрерменнің көңілінен шықты. Концертке жас әнші   Т.Көкеш  пен спорт мектебінің  қамту қызметкері  С.Кисанова  орындауында «Ақ  тілек», 2535 әсери бөлімінің   балалар  бақшасының   тәрбиешісі  Ғ.Кусаинова «Қайырлы таң», жастар орталығының    әдіскері  Г. Оразаева орындауында  «Ұланым»атты әндерін нақышына келтіріп орындады. Ақсуат,Құйған, Бурабай ауылдық  клубының  меңгерушілері А.Нүриев, Л.Пшенбаева, Б.Арековтар  қатысты.  Әр жыл сайын дәстүрлі  түрде өтетін кеш биылғы жылы да өте жоғарғы деңгейде өтті.