Сейсенбi, 17 Шілде 2018 г. 15:40

Аудандық «Бала сұлтан-2018» байқауы

13 сәуір  күні Аудандық мәдениет үйінде «Бала  сұлтан-2018»- атты аудандық байқау өтті. Байқауға  Марқакөл, Қалжыр, Қалғұты, Сарыөлең, Балықшы, Құйған, Күршім, Абай ауылдық округтерінен сонымен  қатар   аудан орталығындағы Күршім №1, №4 ортак мектептерінен және  №3 Күршім  гимназиясынан  барлығы 13  ер  бала  қатысты. Абай  ауылдық  округінен келген  Н.Өмірбек ережеге сай барлық сынынан сүрінбей өтіп   «Бала  сұлтан-2018» номинациясын жеңіп алды. I-орынды   №3 Күршім гимназия оқушысы  Р.Кенжебекұлы, II- орынды Марқакөл ауылдық округінен Е.Азимбаев және №4 орта  мектебінің оқушысы М.Нұрдәулет, III- орынды  Марқакөл ауылдық округінен Е.Ерланұлы, Ұ.Еркінбек және №1 орта мектебінің оқушысы Ш.Камилов  өзара бөлісті. «Көрермен көзайымы» номинациясын Балықшы ауылдық  округінің оқушысы  С. Исламға  бұйырды. Байқауға қатысқан басқа  талапкерлер әр түрлі номинацияларға ие болды. Қазылар алқасы байқау жеңімпаздарын бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапаттады.