Сәрсенбі, 19 Қыркүйек 2018 г. 13:54

"Сәтті қадам" партиялық жобасы аясындағы кездесу 

2018 жылдың 3 мамыр күні "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы ғимаратында "Сәтті қадам" партиялық жобасы аясында Күршім №1 Н.Островский атындағы орта мектебінің түлектерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында "Нұр Отан" партиясы Күршім аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Нұрымова Елбасының 5 әлеуметтік бастамасын түсіндірсе, "Жас Отан" жастар қанатының жетекшісі Ш.Дабырбаева "Сәтті қадам" партиялық жобасы бойынша ақпарат берді. Кәсіпкерлік палатасының директоры С.Кудедаева түлектерге болашақта несие алып, қалай кәсіпкерлікті дамытуға болатынын айтып өтті. Түлектер сұрақтарын қойып, мардымды жауаптар алды.