Сенбі, 21 Шілде 2018 г. 23:23

Мерекелік шара

2018 жылдың 3 мамыры күні «Жастар ресурстық орталығының» залында Күршім ауданы әкімдігінің аумақтық әлеуметтік көмек көрсету орталығы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен мүмкіншілігі шектеулі ұлар мен ер азаматтарға арналған 7-мамыр Отан қорғаушылар мерекесіне орай 10- шара өткізілді. Аумақтық элеуметтік көмек көрсету орталығының қызметкерлері өз қарамағындағы қызметалушыларын өнерге баулып, олармен бірге шағын концерттік бағдарлама ұсынды. Ауданымыздағы мәдениет үйінің  жас әншілері  және Жастар ресурстық орталығының жас маманы Наурыз қаса қалмай оларға қолдау көрсетіп әсем әндерін тарту етті. Төл мереке иелеріне шағын сыйлықтар табыс етіліп, тәтті-дәмділерден әзірленген мерекелік дастархан ұсынылды. Ата-аналар балаларының өнерлері мен жетістіктеріне тамсана қарап, зор ризашылықтарын білдіріп, көтеріңкі көңіл-күймен үйлеріне тарқасты.