Сәрсенбі, 19 Қыркүйек 2018 г. 13:54

«Ерлік-елге мұра, ұрпаққа ұран» кездесу кеші

2018 жылдың 4 мамыры күні  Күршім аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен тыл ардагерлерімен «Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран» атты  кездесу кеші өткізілді. Мәдени шараға №1 Күршім орта мектебінің 5 «а» кадет сыныбының оқушылары және  6 «б» сынып оқушылары қатысты. Тыл ардагерлері  Қабдуалиев Қалиғожа, Қайыров Нұрсовет, Сейсебаев Қабен, Жылысова Қанипа  кадет сынып оқушыларының сұрақтарына толық жауап беріп, балалардың өнерлерін тамашалады.  Бұл кездесу кеші балаларға Отанын қорғауға, еліміздің патриоты болып өсуіне түткі болады. Мәдени шараны жүргізген  кітапханашылар Р.Кенжеханова мен Г.Жакупова  Ұлы Отан Соғысы, тыл ардагерлері жайында мағлұмат беріп тақырыпқа сай бейнебаян және слайд көрсетті.

Аудандық кітапхананың меңгерушісі Г.Ә. Смайлова, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Г.К. Оралбаева, №1 Күршім орта мектебінің оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Г.Баймухамбетова, №1 Күршім орта мектебінің мұғалімі О.А. Якушева тыл ардагерлерін келе жатқан мейрамдарымен құттықтап, осындай іс шараның оқушылар үшін тәрбиелік мәні мен маңызы зор екенін атап өтті.