Сейсенбi, 11 Желтоқсан 2018 г. 04:59

Танымдық  сабақ өтті

 4-мамырда Күршім аудандық кітапханасының ОНЛАЙН орталығында кітапханашылар Г.Жаменкенова, С.Жунусова «Туған жер» бағдарламасы аясында «Күршім -менің өлкем!» атты танымдық  сабақ №1 Күршім орта мектебінің  6 сынып оқушыларымен  өткізді. Кітапханашылар Күршімнің шығу тарихы, ауданымыздың құрылуы, Марқа-Күршім өңірінен шыққан жерлес қаламгерлер, өнер саласының майталмандары, әнші, жазушы жерлестеріміз туралы мағлұматтар берді.   Күршім өнірінен шыққан жерлес ақын- жазушылардың  шығармаларымен  кенінен таныстырылды. Мадени іс- шараға қатысқан Г.К.Баймухамбетова, осындай танымдық сабақтың маңызы зор екенін, кележатқан  жас өспірімдерге  патриоттық сезімдері артатұғына, өз жерінін, елінін тарихын жақсы білуге ықпал ететінініне сенім білдірді.  Сабақ барысында  «Туған өлкеміз» атты слайд көрсетілді.