Жексенбi, 23 Қыркүйек 2018 г. 17:19

«Латын әліпбиін үйрену - рухани жаңғыру негізі»

Марқакөл ауылдық кітапханасында мұғалімдер, оқушылар, кітапханашылар арасында «Латын әліпбиін үйрену-рухани жаңғыру негізі» атты пресс- конференция түрінде ойын ұйымдастырылды.
Шараға Қалжыр орта мектебінің ұстаздары- -Л.К.Жумекенова, Ә.Қ.Абжанова, №1 Марқакөл орта мектебінің тарих пәні мұғалімі- А.Байшин, №2 Марқакөл орта мектебінің мұғалімі -Г.Байжуманова, Н.Нурпеисовалар филолог ғалым, саясаткер, лингвист мамандары болса, сұрақ қоюшы «журналистер» №1 Марқакөл орта мектебінің оқушылары А.Зикенова, А.Оралбаева, Б.Мағулбекова, А.Каунева, Г.Ергасымова болды.
Шара барысында кітапханашы Г.Аксартова қазақ жазуында қолданылып келе жатқан әліпбилер тарихы жайлы айтып берді.
Сондай-ақ шараға көрермен ретінде Қарой орта мектебінен мектеп кітапханашысы, мұғалімдері, Қайнарлы негізгі мектебінен, Қалжыр ауылдық кітапханасынан, мұғалімдер, кітапханашылар, Күршім колледжінен, №1, №2 Марқакөл орта мектебінің ұстаздары, оқушылары қатысты. Сондай-ақ Марқакөл музыка метебінің бишілері көрерменге «Серпер» биін, осы мектептің ұстазы Ж.Айтқазин күй орындап беріп, мәдениет үйінің әншісі Н.Шешенқұл әуезді ән сыйлады. Аталмыш шараға қатысушыларға Күршім аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің атынан мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.