Сейсенбi, 11 Желтоқсан 2018 г. 05:14

«Тектілікті сақтайық!» атты айлығының аясында өткен семинар-кеңес туралы

2018 жылдың 11 сәуірінде аудандық мәдениет үйінің кіші залында  «Тектілікті сақтайық!» атты айлықтың аясында семинар-кеңес өткізілді. Семинар-кеңеске облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ономастика және талдау бөлімінің басшысы Р.Төлемісова, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерді тіркеу бөлімінің бас маманы А.Джандаралова, аудандық ақсақалдар алқасынң төрағасы Е.Ақтекенов, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Ш.Дабырбаева, мектеп мұғалімдері, оқушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Семинар-кеңесте облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ономастика және талдау бөлімінің басшысы Р.Төлемісова Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлты қазақ азаматтардың  тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу туралы» 1996 жылғы 2 сәуірдегі Жарлығымен таныстырып, берілген сұрақтарға жауап берді.

Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерді тіркеу бөлімінің бас маманы А.Джандаралова «Азаматтардың есімдері мен тектерінің жеке басын куәландыратын құжаттардағы жазылу тәртібі, рәсімделуі туралы» ақпарат берсе, аудандық ақсақалдар алқасынң төрағасы Е.Ақтекенов азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазу тәжірбиесін қазақ халқының қалыптасқан тарихи дәстүрлеріне сәйкестендіру керектігі туралы түсіндірді.