Жұма, 20 Қыркүйек 2019 г. 21:00

«Өрле, Қазақстан!» Балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен Күршім ауданының әкімдігі және аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын негізге ала отырып «Өрле, Қазақстан!» Балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі бүгін 1- маусым күні бір мезгілде республиканың бүкіл аумағында, сонымен қатар ауданымыздың әр елді мекенінде өтті. Әрбір музыкалық және шығармашылық ұжымның қатысушысына Шеру - бұл өздерінің шығармашылық жетістіктерін көрсету бойынша орасан зор мүмкіндік.

Бүгін ауданның барлық елді мекендерінде шеруге жалпы білім беру мекемелерінің 2430 оқушысы мен 50 Күршім колледжінің студенттері қатысты. Шеру жоғары деңгейде өтіп, халықтың көңілінен шықты.

1 маусым балаларды қорғау күніне арналған музыкалық оркестрлер мен ансамбльдердің шеруі концерттік бағдарламамен өз жалғасын тапты.