Сенбі, 23 Маусым 2018 г. 02:36

Кездесулер өткізілді

2018 жылдың 11-12 маусым күндері аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша жұмыс істеуге сертификаттары бар тренерлер және ақпараттық топтардың қатысуымен Күршім, Абай, Боран ауылдық округтерінде Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру аясында этникалық және конфессияаралық тұрақтылықты нығайту, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған жастар арасында кездесулер, семинар-тренингтер, «Мен бейбітшілік пен келісімді қолдаймын» атты акция ұйымдастырылды. Оған жоғарғы сынып оқушылары, жастар, мұғалімдер қатысты.

Іс-шаралар барысында жастарға буклет түріндегі ақпараттық материалдар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді, бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар, «Мен бейбітшілік пен келісімді қолдаймын» тақырыбында жастар шығарма жазып, сурет салды. Соңынан үздіктер марапатталып, сыйлықтар табыс етілді. Аталған іс-шараларға жастар белсенді қатысып, сұрақтарын қойылып, мардымды жауаптар алынды.