Сенбі, 23 Маусым 2018 г. 02:37

Компьютерлік сауаттылыққа үйрету

2018 жылғы 12 маусым күні Күршім ауданының тұрғындарымен Күршім ауданы әкімшілігінде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылған семинар өтті. Семинарда аудан әкімі аппаратының кеңсе, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау бөлімінің бас маманы Н.Сейітсаданова тұрғындарға «Ашық үкімет», «Ашық диалог», «Азаматтарға арналған үкімет» порталын қалай пайдалану керектігін түсіндірді.
«Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Күршім аудандық бөлімінің құжаттарды қабылдау маманы Б.Қабешев «Электронды үкімет» портал арқылы электронды мемлекеттік қызметтерді қалай алуға болады көрсетті.
"Қазпочта " АҚ аудандық филиалының басшысы Р.Смагулова. «Электронды сауда-саттық» порталды қалай пайдалану керектігін, сонымен бірге "Қазпочта" АҚ филиалымен көрсетілітін қызметтер туралы айтып берді.
аудан әкімі аппаратының кеңсе, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау бөлімінің бас маманы Н.Ш.Әубәкірова «Базалық цифрлық дағдылар» бойынша сабақ өткізді
Семинарға жиыны 202 аудан тұрғындары қатысты.
Семинар барысында ауыл тұрғындары "ХҚКО"-а, "Казапочта" АҚ аудандық филиалының қызметіне қатысты сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар алынды.