Жексенбi, 23 Қыркүйек 2018 г. 17:20

Дөңгелек үстел өтті

2018 жылдың 4 шілдесі күні  аудандық Мәдениет үйінің кіші залында облыс көлемінде  өткізіліп отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол» атты марафоны аясында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелді Күршім аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен кітапханашылар Р.Кенжеханова, Г.Жакупова  ұйымдастырып өткізді.   Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Б.Ф. Өлмесеков аудан арасында өтіп жатқан марафонның мақсаты жайлы түсіндіріп өтті. Күршім ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімінің басшысы Ж.Мәжібаев, Күршім ауылдық округі әкімі С. Дүзбаев, Мұражай директоры А.Оқанова, Қариялар мен мүгедектерге үйге әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі С.Ботабаева, А.Адасбаева өздерінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау жайлы ойларымен бөлісті. «Жемқорлыққа жол жоқ» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге шолу жасалды.