Сәрсенбі, 21 Қараша 2018 г. 18:36

Астана күніне орай өткен  салтанатты жиын

2018 жылдың 5 шілдесі  күні аудандақ Мәдениет үйінде Астана  қаласының 20 жылдығы   мекерекесіне орай салтанатты жиын болып өтті. Жиынға  ауылдық округ әкімдері, мекеме, бөлім қызметкерлері, ардагерлер, қоғамдық ұйым өкілдері, аудандық  БАҚ  өкілдері, жастар қатысты.

Жиын  барысында мемлекеттік Гимн орындалғаннан кейін Күршім ауданы әкімінің орынбасары Қ.Әзімбаев баяндама жасап,  аудан әкімінің міндетін атқарушы М.Қалелов, Күршім аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Күршім ауданының Құрметті азаматы» Е.Ақтекенов, «Болашақ» балабақшасының меңгерушісі Қ.Қазретова,  Ақордамыз - Астананың құрдасы, «Жас Отан» жастар қанатының белсенді мүшесі, «Жұмыспен қамту орталығының» жас маманы   М.Кенжеханов аудан тұрғындарын  құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.  Жиын барысында «Астана 20 жыл» мерекелік медальдары табыс етілді.

Мереке  аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздарының  концерттік бағдарламаларымен нұрлана түсті.