Жексенбi, 23 Қыркүйек 2018 г. 17:19

«Туған күніңмен - Астана»

Қалғұты ауылдық округінде «Астана қаласының 20 жылдығы» мерекесіне орай «Туған күніңмен - Астана» тақырыбында салтанатты жиын болып өтті. Салтанатты жиынға округ әкімі, мекеме  басшылары, мектеп мұғалімдері, оқушылар қатысты. Округ әкімі, мекеме-бөлім басшылары жиынға қатысушылады құттықтап, жылы лебіздерін айтып, ару қаламыз Астананың көркейіп-гүлдене беруіне тілектестік білдірді. Жиын соңында оқушылар Астана күніне арналған тақпақтарын айтып, өлеңдерін оқып, би биледі.