Сейсенбi, 17 Шілде 2018 г. 15:49

Жартығасырлық мерейтой 

Елордамыз Астананың 20 жылдық мерейтойы Ақбұлақ орта мектебінің жартығасырлық мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр.

Ақбұлақ орта мектебінің 50 жылдық мерейтойына, ауыл тұрғындарымен қатар, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған әр жылдардың түлектері бас қосты.

Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі Ж.Дүтбаевтың  ұйымдастыруымен салтанатты шара мектеп директорының міндетін атқарушы С.Бектемированың басшылығымен дайындалған мерекелік концертке ұласты. Шара барысында марқұм болғандарға құран бағышталып, ас берілді. Спорттық жарыстар ұйымдастырылып, күрес, волейбол ойыны өткізілді.

«Туған жерге тағзым» акциясы аясында түлектер ұстаздарға жерлестері «Тамашаның» майталманы М.Сақатов туралы «Шығыстың нарқасқасы» атты кітабын таратып, мектепке музыкалық аппаратура және ақшалай сыйлық жасады.