Сейсенбi, 17 Шілде 2018 г. 15:48

Астана қаласының 20 жылдық мерекесі аталып өтті

2018 жылдың 6 шілдесі күні барлық ауылдық округтерде, ауданның орталық алаңында Астан қаласының 20 жылдығы мерекесіне орай кең көлемде мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылды.
Аудан орталығында өткізілген іс-шара барысында Күршім ауданы әкімінің міндетін атқарушы М.Қалелов, қоғамдық Кеңестің төрағасы, «Күршім ауданының Құрметті азаматы», еңбек ардагері С. Искаков, аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция майоры Д.Аманбеков, «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі, аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Г.Ермекова аудан тұрғындарын атаулы мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Мереке аудан тұрғындарының, мектеп оқушыларының, мәдениет үйі әртістерінің ән-шашуымен ұласты.
Мерекеге аудан орталығындағы мекемелер, бөлімдер белсене қатысты. Мереке барысында қол күресі, гір көтеру сияқты спорттық шаралармен ұштасты.